Take a fresh look at your lifestyle.

Ерлер мен әйелдерге арналған көшелер пайда болды

0 72

Иерусалимнің Керем-Авраам ультрадіни ауданында 4 ақпаннан бастап «ерлер» немесе «әйелдер» көшелері пайда болды.

Ynet израильдік ақпараттық агенттік мәліметінше, жаңа ереже діни аудан халқының өз қалаулары бойынша енгізілген. Ауданның әр көшесінде көшенің ерлер не әйелдерге арналғанын анықтайтын тақтайшалар ілінген.

Бұл жаңалыққа бірқатар қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар қарсылықтарын білдірді. «Азат Израиль» қозғалысының бас директоры Ури Кейдар Иерусалим мэрі Моше Леонуға қалыптасқан жағдайды реттеуді талап етті.

KAZISLAM

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.