Take a fresh look at your lifestyle.

ҚМДБ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

0 67

Бүгін Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліс жұмысына ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысты.

Күн тәртібінде түркі әлемінің танымал ғұламалары – әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында медресе-колледждерде, “Нұр-Мүбәрак” университетінде, Ислам институтында, мешіттердегі діни сауат ашу курстарында әл-Фараби, Абай оқуларын ұйымдастыру шараларына қатысты жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданатын құжаттардың мәтіні пысықталды.

Мәжіліс соңында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ҚМДБ қызметкерлері мен облыс имамдарына нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.