Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 1  035
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

Мәртебелі мейман уақыт бөліп, ресми қабылдаған Бас мүфти Серікбай қажы Оразға алғысын білдіріп, жаңа жоғары лауазымды қызметімен құттықтады.

«Сізді Түркия мұсылмандары атынан жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Бас мүфти қызметін абыроймен атқара беруіңізге тілектеспіз. Түркия мен Қазақстан арасындағы бауырластық қарым-қатынастың нығая беруіне өз тарапыңыздан сүбелі үлес қосатыныңызға сенімдімін», – деп атап өтті Елші невзат Уянык.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өз кезегінде Елші мырзаға жылы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.

«Қазақстан мен Түркия – діні мен ділі бір бауырлас ел. Екі елдің Діни басқармалары арасында өзара ынтымақтастық келісім орнаған. Бұл уағдаластық болашақта да жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінде Түркияның «Хасеки» жоғары діни білім беру академиясында 42 қазақстандық имам білімін жетілдіруде. Осындай мүмкіндік тудырған Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, доктор Әли Ербаш мырзаға айрықша алғысымды жолдаймын. Діни саладағы тәжірибе алмасу, өзара келісім негізіндегі жұмыстарымыз жалғасын таба береді», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.                                                                     

 
 

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.