Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақсақалдар хатым дұғасын жасады

0 227

Рамазан айында сауабы мол амалдардың бірі – ардақты Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесін жалғастырып Құран Кәрімді бастан аяқ оқып хатым жасау.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде Рамазан айында мешітте білім алатын шәкірт-ақсақалдардың Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан.

Ораза айы басталысымен мешіт ұстаздарының басшылығымен бұл үрдіс өз жалғасын тапты. 

Бүгін Бас имам Руслан Байзақовтың қатысуымен хатым дұғасы жасалды.

Бас имам ақсақалдардың өнегелі ісіне өз ризашылығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.