Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Мешіт жамағаты хатым дұғасын жасады

17 сәу 2023 1 029 рет оқылды
Мешіт жамағаты хатым дұғасын жасады

Рамазан айын «Құран айы» деп те атайды. Бұл айда Құран Кәрімді бастан аяқ оқып хатым жасау – сауабы мол амалдардың бірі. Өйткені, ардақты Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесі.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде биылғы Рамазан айында күніге бесін намазынан кейін үлкен залда  жамағаттың қатысуымен Құран хатым жасалып келген еді.

Қасиетті Қадір түніне орай, Бас имам Руслан Байзақовтың қатысуымен бесін намазында арнайы хатым дұғасы жасалды. Бас имам еліміздің тыныштығы мен бақ-берекесі үшін дұға жасап, жамағаттың биылғы жақсы амалы үшін ризашылығын білдірді.