Жұма, 31 шілде 2026 ж. 17 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:30
Бесін 12:26
Екінті 17:43
Ақшам 20:08
Құптан 22:10
Жаңалықтар

Ақсақалдар хатым дұғасын жасады

17 сәу 2023 961 рет оқылды
Ақсақалдар хатым дұғасын жасады

Рамазан айында сауабы мол амалдардың бірі – ардақты Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесін жалғастырып Құран Кәрімді бастан аяқ оқып хатым жасау.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде Рамазан айында мешітте білім алатын шәкірт-ақсақалдардың Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан.

Ораза айы басталысымен мешіт ұстаздарының басшылығымен бұл үрдіс өз жалғасын тапты. 

Бүгін Бас имам Руслан Байзақовтың қатысуымен хатым дұғасы жасалды. Бас имам ақсақалдардың өнегелі ісіне өз ризашылығын білдірді.