Take a fresh look at your lifestyle.

ҚМДБ: 2017 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ БЕС ЖАҢАЛЫҒЫ (ФОТО+ВИДЕО)

0 759

 

І. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аясында «2017 – Дін және тарих тағылымы жылы» деп жарияланды. «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалармен үндескен игі бастама аясында «Дәстүрлі Ислам жауһарлары», «Дін мен дәстүр ІІ» кітаптары жарық көріп, қазақ тапырағынан шыққан дін қайраткерлерінің, ғұламаларының өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық дөңгелек үстелдер мен конференциялар өтті.

 

ІІ. Астана қаласында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ республикалық имамдар форумы өтті. Айтулы басқосуда «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен ҚМДБ-ның ұстанымын айқындайтын «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжат қабылданды.

 

ІІІ. Еліміздегі діни рәсімдер мен жөн-жоралғыларды бір жүйеге келтіру бастамасы қолға алынды. Осы бастаманың аясында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты құнды кітап жарық көрді. Құдайы астар мен жерлеу рәсімдерінде көрініс тапқан ысырапшылдықты тоқтату мақсатында арнайы республикалық конференциялар, Ақсақалдар форумы ұйымдастырылды. Құдайы астың арнайы мәзірі бекітілді.

 

IV. Мүфтияттың басты жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық іс-шаралар. Дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен 394 313 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Жер-жердегі мешіттерде 85 950 адам діни сауатын ашты. Жат ағымдармен жасалған жұмыс нәтижесінде 940 адам дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына оралды.

 

 

V. 8 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай қажы Ораз Бас мүфти жоғары лауазымына сайланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа төрағасын қабылдап, Серікбай қажы Сатыбалдыұлын жоғары лауазымды қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Еліміздің облыс, қала әкімдері, министрлер мен депутаттар, шетелдің мәртебелі елшілері, зиялы қауым өкілдері тарапынан Бас мүфти атына құттықтау хаттары келіп түсуде.

  ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.