Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ БАСТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

0 1  086

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Бүгін киелі Түркістанға “Ислам жəне ұлы дала өркениеті” атты конференцияға жиналған дін қайраткерлері Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті, – деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қ.А.Яссауи бабамыздың рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Зиярат жасау рəсіміне ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, жергілікті əкімдіктің лауазымды қызметкерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Конференцияға келген ғалымдар мүфтияттың бұл бастамасына оң пікірлерін білдіріп, тілектестігін жеткізді.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.