Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти «Хасекиге» қабылданған шәкірттермен кездесті

0 504

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы «Хасеки» академиясына оқуға қабылданған шәкірттермен кездесті.

ҚМДБ мен Түркия Дін істері басқармасы арасындағы меморандум аясында 2022-2023 оқу жылына сынақ тапсырған жүзге жуық талапкердің 24-і үздік деп танылған болатын.

«Асыл дінімізде білім алу ер мен әйелге бірдей парыз саналады. Әрине, туған жерден, ағайын-туыстан жырақта жүрудің сынағы болады. Соған сабыр етіп, бастысы, ізгі ниетпен барып, шынайы ықыласпен білім алыңыздар. Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы Діни басқарманың қамқорлығын сезініп, қадірін түсініп, елге, дінге қызмет ету басты мақсаттарыңыз болғай. Алла Тағала пайдалы білім нәсіп етіп, елге аман-есен оралуларыңызды жазсын» деп жылы лебізін білдірді Бас мүфти.

Айта кетейік, екі топқа бөлінген шәкірттер «Хасеки» академиясының бағдарламасы бойынша Түркияның Кожаелі және Кайсери қалаларында білім алады. Бүгінгі таңда осы оқу бағдарламасы бойынша 100 шәкірт білім алып, елге оралды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.