Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды

0 459

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды.

ҚМДБ Төрағасы Жезқазған қаласында салынатын жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Бас мүфти жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігіне және қауіпсіздік іс-шараларын сақтау мәселесіне назар аударды.

Айта кетсек, бүгінде Жезқазған қаласында 1 мешіт бар. Жамағатпен оқылатын жұма, айт, тарауық намазы кезінде халық құлшылығын сыртта оқуға мәжбүр. Бір қалаға бір мешіт өте аз екенін сезінген жергілікті жұртшылық ерікті түрде құлшылық үйінің құрылысына жәрдем беруде. Жаңа мешітте бір мезетте 2000 адам құлшылығын өтей алады. Құлшылық ордасында кітапхана, білім орталығы да болады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.