Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҰСТАЗДАРМЕН ШӘКІРТТЕР БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

0 3  540

31-қаңтар. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұстаздар шәкірттерге арнайы дастарқан жайып, қонақ қылды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамашылығы аясында – оқу-ағарту, түсіндіру, сауат ашу бағытында көптеген жұмыстар қолға алынған болатын. Осындай игі шаруаның бірі – еліміздегі барлық ислами-діни орындарда сауат ашу курстары жүріліп келеді.

Аталмыш сауат ашу курстары Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де жүрілуде. Қариялар, әйелдер және жалпы орта жастағы жамағатқа аптаның әр күндерінде (кесте бойынша) оқу дәрістері оқытылып келеді. Атап айтқанда Құран, ахида, фиқһ т.б пәндер бойынша дәрістер өткізіледі. Жыл басында «С.Ғылмани» мешіті Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, Нұрсұлтан Шамшиден қатарлы жаңа білікті ұстаздармен толыққан еді. Бүгінде айтылмыш ұстаздар көптеп шәкірттер тәрбиелеуде.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Өсерханұлы және наиб имам Мәмлюк Асханұлы қатарлы имамдарымыздың қатысуымен мешіт шәкірттері бас қосты. Шара барысында Бас имам білім алып жатқан шәкірттерге қазіргі кездегі жалпы діни ахуал жайында көптеген уағыз-насихаттар айтты.

Сондай-ақ, бұл игі бастама алда әлі де өз жалғасын таба бермек.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

          

                                                

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.