Оның айтуынша, өкінішке қарай, қазірде мемлекеттік қызметшілердің өз лауазымдық мүмкіндіктерін пайдаланып, қоластындағы адамдарға қысым көрсетіп, оларды діни іс-әрекетке мәжбүрлейтін жағдайлар бар екен. «Мұны болдырмау үшін осындай нормалар керек. Өйткені тек бүгінгі күнді емес, болашақты да ойлауымыз керек. Ең алдымен мемлекеттік қызметшілер өз мүмкіндіктерін кез келген діни бірлестіктің мүддесі үшін пайдаланбауы керек. Олар бейтарап, тек мемлекетке қызмет етуі қажет. Өздері діни бірлестіктерді құра алмайды» деді министр. «Осы ғана, басқа шектеу жоқ. Олар, мысалы, демалыс уақытында мешітке немесе шіркеуге еркін бара алады, құрбан шала алады. Бірақ жұмыс уақытында емес. Ешқандай ар-ождан бостандығы бұзылмайды. Ал әскерде сарбаздар жалпы тәртіпке бағынуы керек» деп атап өтті Ермекбаев.
kazislam.kz