Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МОҢҒОЛИЯ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 1  715
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласында Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, мүфти Батырбек қажы Хадысұлымен кездесті, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Кездесуде діни татулық, қазіргі сын-қатерлермен бірлесе күресу, салт-дәстүрді жаңғырту, т.б. мәселелер төңірегінде жан-жақты пікір алысты. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттер мен имам-молдаларға көмек беру, қолдау көрсету жалғаса беретінін жеткізді.

«Біз, Моңғолияның діндар қауымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына әрқашан тілеулестік білдіріп отырамыз. Сіздердің қамқорлықтарыңызға айрықша алғысымды білдіремін», – деді Б.Хадысұлы.

Мәртебелі мейман Астанада мүфтияттың бастамасымен өткен Еуразия мұсылман Ғұламаларының халықаралық форумы туралы оң пікірін жеткізіп, айтулы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айрықша атап өтті.

Бас мүфти қазақы дәстүрмен мейманның иығына шапан жапты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.