Кездесуде діни татулық, қазіргі сын-қатерлермен бірлесе күресу, салт-дәстүрді жаңғырту, т.б. мәселелер төңірегінде жан-жақты пікір алысты. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Діни басқарма тарапынан Моңғолия еліндегі мешіттер мен имам-молдаларға көмек беру, қолдау көрсету жалғаса беретінін жеткізді.
Мәртебелі мейман Астанада мүфтияттың бастамасымен өткен Еуразия мұсылман Ғұламаларының халықаралық форумы туралы оң пікірін жеткізіп, айтулы шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айрықша атап өтті.
Бас мүфти қазақы дәстүрмен мейманның иығына шапан жапты.