Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Теңіздердің бір-біріне араласпауы

0 1  115

Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне байланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:

«Алла Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды» («Рахман» сүресі/19-20 аят).

Иә, бір-бірімен қабысып жатса да, сулары араласпайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы – екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.

Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, тығыздық өлшемі сияқты нәрселер әлі адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға көп нәрсенің бетін ашары сөзсіз.

«Имани гүл» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.