Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

НҰРЛАН РАМАЗАНОВ: «КӨРКЕМ МІНЕЗ – ЖАЙ ҒАНА ЖҰМСАҚТЫҚ ЕМЕС…»

0 628

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

8-қараша. Астана. SUNNA.KZ – ҚМДБ Астана бойынша өкілдігі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Нұрлан Рамазанов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мұсылманның басты сипаты – көркем мінез» тақырыбында уағыз айтты.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің тапсырмасы аясында, РАНТ мүшелерін арнайы шақырып, уағыз-насихат жұмыстарын жетілдіру және жамағатқа білікті дін мамандарының уағыздарын тыңдауға мүмкіндіктер тудыру мақсатында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, мешітімізде тұрақты түрде елімізге белгілі исламтанушылар және дінтанушы ғалымдармен кездесу өткізіліп келеді. Аптаның әр сәрсенбі күндері мешіт жамағаты үшін ең олжалы күндердің бірі.

Аталмшы уағыз барысында: «Әр бір ұлттың, ұлыстың, дін өкілдерінің; тіптен әр бір жаратылыстың сипаты, бітімі болады. Ал сондай мұсылманың басты ерекшелігі һәм сипаты – ол көркем мінезі. Көркем мінез дегенді, біз, жалпы қалай түсініп жүрміз? Бізде көбіне-көп көркем мінез дегенді – мінезі жұмсақ, ұяң, сипайы адамдарды ғана көркем мінезді деп түсінетін сияқтымыз. Бұл да жеткіліксіз. Көркем мінезге біздің әрбір істеген құлшылық ғибататымыз да жатады…», – деді  Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов.

Тұрақты өткізіліп келе жатқан «сәрсенбі уағызына» мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырханов және наиб имамдар қатысты. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа демеуші азаматтардың көмегімен дастархан жайылды. (Уағыздың толық нұсқасын видеонұсқасынан көре аласыздар). 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.