Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте мерекелік шара өтті

0 322

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу бүгінгі мешіт жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осыған орай, төл мерекеміздің мазмұнын асыру үшін арнайы жасалған наурыз көже таратылып, мәдени шарамен қоса, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Мешіт ауласындағы мерекелік шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов қатысып, жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Жұма намазына жиналған жамағат арасында қол күресі, гір көтеру, арқан тарту, қой көтеру сияқты аталымдар бойынша ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға мешіт тарапынан бағалы сыйлық берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.