Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

0 1  345
Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы оқу-жаттығулар жиынын өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
«22 қараша күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы Астана қаласының «Алматы» аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді», – делінген хабарламада. 

Іс-шараның негізгі міндеті – терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу кезінде кейбір шектеуліктер болады. 

Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, түсінушілік танытуын сұрайды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.