Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тәуелсіздік пен мәуліт мерекесі қатар ұлықталды

0 3  069

Қасиетті жұма күні Астана қаласы «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінде Мәуліт пен Тәуелсіздік мерекесі жұма уағызына арқау болды.

Құлшылық ордасына келуші жамағатқа есігін айқара ашқан мешіт қызмет керлері жұмана мазына жиылған жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетті. Астана қаласы «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Өсерханұлының бастамасымен, мешіт жамағатына Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүйікті сүннеттерінің бірі – миск пен сүйікті жемісі – құрма таратылды.

«Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый» тақырыбындағы жұма уағызында «СадуақасқажыҒылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Өсерханұлы тәуелсіздіктің мән-маңызы мен ислам дінінің отанға деген құрмет жайында тағылымды насихат айтып, еліміздің баяндылығы мен имандылығын тіледі.

Мешіт ішіне лық толтырған жамағат айтылған уағыздаң соң мәуліт тыңдап, Пайғамбарымызға(с.а.с.) сансыз салауаттар жолданды. Қасиетті жұма күніне орайластырылған Тәуелсіздік мерекесі мен Мәуліт мерекесіосылайша жүректерге иман нұрын толтырып, Сүйікті Пайғамбарымыз(с.а.с) бен отанға деген құрмен пен қасиетті ұғына түсті.

«Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.