Take a fresh look at your lifestyle.

Рахматулла Байменов: Көңілді не қарайтады?

0 195

Астана /15-наурыз /SUNNA.KZ/ – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде, қасиетті Ережеп айынның құрметіне ауызашар беріліп, уағыз айтылды.

Хадис шәрифте: «Көңіл бұзық болса, дененің істері де үнемі бұзық болады» делінген.

Адамды Аллаһу тағаланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауыштыратын жол көңіл. Адамды Аллаһу тағаладан алыстататын нәрселердің ең зияндысы, көңілдің қараюы. Сондақтан да бұл тақырыпты жамағатқа көбірек насихаттау, әлбетте, имамдарымыздың ізгі міндеттерінің бірі.

Осындай игі істің негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Байменов Рахматулла Оразұлы бейсенбілік ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа «Көңіл (жүрек) тазалығы» атты тағылымы мол уағыз-насихат айтты. Мешітімізде дәстүрлі түрде бейсенбі күндері тұрақты түрде ақшам намазынан кейін  ауыз бекіткен мешіт жамағатына арнайы ауызашар беріліп келеді.

Аталмыш ауызашар уағызында наиб имам Рахматулла Оразұлы, қасиетті Құран аяттарында жаратушы Хақ Тағаланың адамзатқа жіберген аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өсиеті хадистерден дәлелдер келтіре отырып, жасаған құлшылығымызды шынайы көңілмен және жауапкершілікпен атқару керектігі жөнінде айтты.

«Намаз оқу – көңілді тазалайды. Күнәлардың кешіріміне себеп болады. Бірақ құлдық міндеті екендігін ойламастан, дүниелік пайдаларын ойлап оқылған намаз, шарттарына сай және дұрыс болса да, дүниеде және ахиретте пайдасы болмайды. Намаз оқығанда Аллаһу тағаланың ұлылығын, Оның әмірін орындап жатқанын ойлау керек. Тек осылай оқылған намаз көңілді тазалайды, адамды жаман, лас тірліктерді істеуден қорғайды», – деді исламтанушы Рахматулла Байменов.

Сондай-ақ, уағызға 100-ге жуық жамағат жиналды. Дастархан жайылып, Құран оқылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.