Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Моңғолия мұсылман одағы басшысы құттықтау хат жолдады

0 1  260

13 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Моңғолия мұсылман ұйымдары «Дін Ислам» одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Б.Хадысұлының ақ тілегі жазылған хатта:

«Сіздің біліміңізге, біліктілігіңізге, іскерлігіңізге бұрыннан куәміз. ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Төраға, Бас мүфти деген аса жауапкершілікті қызметке тағайындалып жатқаныңызға қуаныштымыз. Ағайындық берекеміз бұрынғыдан да нығайып, жаңа жұмыста жаңа табыстарға қол жеткіземіз деген үмітіміз зор» делінген.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.