Take a fresh look at your lifestyle.

Р.Байменов: Біз не үшін жыладық?

0 520

Қазақта бір аталы сөз бар: «күлгенді сұра ма, жылағанды сұра» дейді. Екпінді, салмақты жылауға түсіреді. Сондықтан да ғылым әуелі адамның туа бітті бойында болатын жылау қабылетін терең зерттеді. Нәресте дүниеге келе сала шыр етіп жылайды. Яғни, өмірге келіп, мына дүниемен алғаш қауышуын солай жеткізеді. Бұл бәлкім ана құрсағынан шығып, мына сынақ әлемінің, жалған дүниенің алда көрер көрешегін сезген адамның жылауы ма екен? (анығын бір Алла біледі!) Ал сәбие ер жетіп сейгенге дейін әр түрлі себептермен жылайды. Мысалы «жыламаған балаға емшек жоқ» дейміз. Яғни, бір нәрсені сұрағысы келген сәби жылау арқылы ойын жеткізеді. Бұл жылаулардың бәрін зерттеген ғалымдар олардың дыбысын аудиоға түсіріп, тыңдай келе жылау арқылы адам көптеген ақпаратты беретіндігін айтады. Алла тағаланың кемел жаратылысын, ғажайыптарын адамзат әлі зерттеп тауса алмай келеміз.

«Әуелі аят, хадис сөздің басы» дейді хаким Абай. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінен бірер мысал келтірсек, мынандай қызықты жайттарға тап боламыз. Абдуллаһ ибн Шурайх сахих хадисте: «Алла елшісінің (с.ғ.с) құзырына бардым, ол кісі намаз оқып жатыр екен. Оның кеудесінен адам жылаған сәтте шығатын еңкілдеп жылаған дыбысты естідім», – деп айтқан (Нәсәй).

Адам өзінің істеген қиянаты, әнтек басқан қадамы, біреуге жасаған зәбірі һәм жүргіндегі кірден арылу үшін жыласа – бұл адамдықтың, мұсылмандықтың сипаты болар еді. Жоғарда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алланың құзырында көзіне жас алып отыр, ол да үметтеріне үлгілі өнеге болса керек-ті.

Алланың елшісі (с.ғ.с) қызы Зайнаб қайтыс болғанда оның жаназасына қатысты. Қабірдегі сұрақ-жауапты және азапты ойлады, қызының қабірінің басында отырып көздеріндегі жасқа жол берді, сахабалар осы әсерлі жағдайды көзімен көрді. Пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларға Алладан қорқып жылаудың қасиеті жайында хабар беріп, Алланың көлеңкесінен басқа көлеңке болмайтын (қиямет) күні Алла өзінің көлеңкесіне алатын жеті адам турасында әңгіме қозғайды (жеті адамның бірі): «…Жалғыз өзі болған кезде Алланы еске алып, көзіне жас толып жылаған кісі» жайында мысал келтіреді (Бұхари). Сондай–ақ, Алланың елшісі (с.ғ.с): «Оттың жалыны мәңгі тимейтін екі көз бар. Ол екеуі: Алладан қорқып жас толып жылаған көз және Алланың жолында күзет қылған көз», – деген (Термизи).

Адамдар тусқаны яки жақыны қайтса жылайды. Оның көптеген себебі болады, бірі қимайды, бірі Алланың қаһарынан қорқып жылайды. Мұны теріс деу қате ұғым. Жоғарда пайғамбарымыздың өзі қызы қайтқанда көзіне жас алғандығы айтылып отыр.

Академик Ғарифолла Есім: «Жылау – ғұмыр кешу рефлексиясы» дейді. Дұрыс айтады. Егер мына өмірде жылау болмаса, не болады? Жынданып кетпейміз бе. Жыламаған, жылай алмайтын адам қауіпті болар еді. Себебі жылау адамға берген Алланың бір мүмкінгі…

Бұрынғы инсаният қазір біздің айналамыздағы адамдар қандай себептермен жылайды? Біз не үшін жыладық? Алладан қорқып жыладық па? Әлде алыстағы бір бауырымызды сағынып жылай аламыз ба?

Бізде керісінше болмайтын ұсақ-түйек дүнеге бола «жылау» белең алған сияқты…

Рахматулла БАЙМЕНОВ

«С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.