Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ (ФОТО)

0 1  645

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген кеңесі өтті.

Алқалы мәжіліске ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төраға орынбасары Бауыржан қажы Әбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы және бөлім меңгерушілері мен мамандар қатысты.

Кеңесте 2019 жылдың 11 сәуірінде Елордада өтетін «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-діни конференциясы жұмыс тобының есебі тыңдалды. ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров конференцияға дайындық жұмыстары жайлы баяндады.

Осы күні өтетін «Жастар және руханият» атты форумның дайындық шаралары жайлы ҚМДБ Қоғаммен байланыс және насихат бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы есеп берді.

Ал ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы жайлы баяндады.

«Халықаралық конференцияның дайындық жұмыстарын нақтылап, сәт сайын пысықтап отыруды тапсырамын. Бұл – ауқымды жоба. Сондықтан, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз тиіс. Барлық бөлімнің мамандары бұл шараға белсенді түрде қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына атсалыссын», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Сонымен қатар, кеңейтілген кеңесте дінтану, теология және исламтану мамандықтары бойынша кадрлардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу, мешіттерде діни сұрақтарға орай жүйелі кездесу шараларын ұйымдастыру, fatua.kz сайтының жұмысын жетілдіру, халықаралық ислам фиқһ академиясы кеңесі, Еуразия пәтуа кеңесі және басқа да ұйымдар тарапынан ұйымдастырылатын ғылыми-тәжірибелік іс-шараларға (конференциялар, отырыстар, дәрістер) белсенді түрде қатысу, шетелдік және көрші елдердің (Сауд Арабиясы, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) пәтуа бөлімдерімен байланысты арттыру мақсатында жұмыс кестесін жасау, т.б. мәселелер жан-жақты талқыланды.

Мәжіліс соңында Бас мүфти ҚМДБ қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.