Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Асқар Мұқанов: Рамазан – Құран нұры түскен ай (фото)

0 471

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Құранға деген махаббат» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айына да санаулы ғана күндер қалды. Мұсылмандар бұл қасиетті айда қандай амал жасағаны абзал болмақ? Міне, осы жайында тағылымы бол, салихалы сұхбат болды. 

«Рамазана айы Құран айы» деп те аталады. Өйткені Құранның алғашқы аяты осы айда түскен. Алла Тағала қасиетті кітабымызда былай деген:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ

«Рамазан айы – адамзатқа жолбастаушы болған һәм тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай» (Бақара сүресі, 185 аят).

Рамазан айында Құран Кәрімге ерекше ден қоюымыз керек. Себебі, осы айда Құран түскен.

Имам әз-Зуһри (р.х.) рамазан айы кірген сәтте: «Бұл (яғни, рамазан) – Құран оқу мен адамдарды тамақтандыратын ай»,-дейтін. Ибн Аъбдул Хакам айтады: «Имам Мәлик (р.х.) рамазан айы кірген кезде хадиспен айналысудан және ілім иелерімен мәжіліс құруын ығысып, Құранды жүзіне қарап оқуға бет бұратын еді», – деді Асқар Әбітайұлы.

Сондай-ақ, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, және демуші азаматтардың көмегімен қасиетті Шағыбан айының құрметіне жайылған ауызашар дастарханына 100-ден астам жамағат жиналды. Шара соңында құран оқылып, ақсақал дастархан батасын берді .

Алда РАНТ және ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен мұндай келелі кездесу-уағыздар жалғаса береді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.