Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажылардың алдыңғы легі елге оралды

0 481

Меккеде қажылық парызын өтеп, Мәдинада қасиетті орындарды зиярат еткен қажылардың алды елге орала бастады.

Бүгін Жидда қаласынан 1 борт, Мәдина қаласының әуежайынан 3 борт арқылы 977 қажы елге қайтты.

Отандастарымызды Қажылық миссиясының мүшелері сәт-сапар тілеп шығарып салды.

Санаулы сағаттан соң тағы қажыларымыз Мәдина қаласынан 3 борт арқылы елге ұшады.

Қажылардың елге оралуы 20 шілдеге дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.