Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қыздар медресесіне кілем тарту етілді (фото)

0 951

Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының ұстаздары Әлия Аусағатова және Айгүл Көксегенқызының ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен «Әлжан ана» мешітінің жанынан құрылған «Астана» қыздар медресесіне арнайы барып, Мәуліт мерекесінің құрметіне орай, намазханаға жаңа кілем сыйлады.

Аталмыш игі шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан және  «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Әділхан Серікбай қатарлы имамдар қатысты. Сондай-ақ Әділхан Серікбай имам қонақтарға медресенің тыныс тіршілігімен таныстырды. Және ұстаздарға алғыс-тілектерін жеткізді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.