Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысының имамдарымен кездесті

Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысының имамдарымен кездесті

0 62

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде қала және аудан имамдарымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Бас мүфти өңірлердегі діни ахуалға назар аударып, имамдардың атқарып жатқан жұмыстарына оң баға берді. Сондай-ақ діни-ағарту қызметінің сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік бағыттағы рөлін күшейту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау, жастар тәрбиесі және отбасылық институтты нығайту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында дін саласында табанды еңбек етіп келе жатқан бірқатар дін қызметкерлеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Аталған марапат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай, ел ішінде дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеп, халықты діни-ағарту бағытында белсенді қызмет атқарып жүрген имамдарға көрсетілген құрметтің белгісі.

«Біздің әрбір жұмысымыз – Алланың дінін насихаттауға бағытталған. Біз бұл саланы жүрек қалауымен таңдадық. Сондықтан әрбір ісімізде ыждағаттылық пен ықылас танытуымыз қажет. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз: «Хаққа қызмет – халыққа қызмет етуден басталады» деген. Халыққа деген адал қызмет – Жаратушының разылығына жетелейді», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

«ҚМДБ 35 жыл» мерекелік медалімен марапатталған Қостанай облысының дін қызметкерлері:

1. Шоқан Ғазизұлы Әмірханов – Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің Бас имамы

2. Есенгелді Сақтағанұлы Ажмахан – Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің Бас имамы

3. Бақытжан Икрам – Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы

4. Халық Қабиұлы Апсатаров – Қарасу аудандық «Көшкінбай ата» мешітінің Бас имамы

5. Асылхан Мұханбетжанұлы Түсіпбек – Сарыкөл аудандық «Аққозы» мешітінің Бас имамы

6. Серік Темірбекұлы Рахым – Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы





















Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.