Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы жеті бағыт бойынша жұмыс есебін тыңдады

0 460

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Онда қаңтар-тамыз айларында жеті бағыт бойынша атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.

ҚМДБ Төрағасына бөлім басшылары Сансызбай Құрбанұлы, Хасан Аманқұл, Смайыл Сейітбеков, Батыржан Мансұров, Нұрбек Есмағанбет, Ағабек Қонарбайұлы мен «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев мүфтият жұмысының негізгі жеті бағыты бойынша сегіз айлық есепті баяндап, атқарылған игі істерге кеңінен тоқталды.

«Біз 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жариялап, осыған орай жұмыстың негізгі бағытын бекіткен едік. Бұл ретте Діни басқарманың бөлім басшылары мен мамандарының, еліміздің түкпір-түкпіріндегі өкілдік имамдарының, жалпы дін қызметкерлерінің атқарған жұмыстарына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ дін жолындағы игі істерімізді одан әрі жетілдіріп, берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға, оны ыждаһаттылықпен орындауға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жиын соңында бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жыл соңына дейін жоспарланған айтулы шараларды уақытында орындауды тапсырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.