Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жұма және жамағат намазының міндеттілігі

Жұма және жамағат намазының міндеттілігі

0 147

Ер кісілерге әр намазды жамағатпен оқу – бекітілген сүннет, ал аптасына бір рет оқылатын жұма намазына қатысу – парыз.

Мұның дәлелі:

  1. Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер, жұма күні (жұма) намаз үшін азан айтылса, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылып, сауданы қойыңдар, бұларың біле-білсеңдер, өздерің үшін жақсы», – деп айтқан.
  2. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім себепсіз жұма намазын үш рет қалдырса, Алла оның жүрегіне мөр басады»
  3. «Азанды естіп, себепсіз намазға (яғни мешітке) келмегеннің намазы қабыл болмайды», – деген.
  4. Алла елшісіне (с.а.с.) бір соқыр кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мені мешітке ертіп келетін адамым жоқ» – деп, намазды өз үйінде оқуға өтінгенде, оған рұқсат берілген. Сөйтіп, соқыр кісі бұрылып кете бергенде, (Алла елшісі (с.а.с.)) оны (қайта) шақырып алып: «Азанды естисің бе?» – деп сұраған. Ол: «Иә», – деп (жауап берген). Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Онда оған жауап бер», – депті.
  5. Абдуллаһ ибн Масғұд (Алла оған разы болсын): «Кімде-кім Алламен мұсылман күйде кездесуді қаласа, бес уақыт намазды шақырылған жерде оқуға ұқыптылық танытсын. Алла сендердің Пайғамбарларың (с.а.с.) үшін тура жолға бастайтын сүннеттерді белгіледі. Егер сендер жамағат намазына шықпай, үйінде намаз оқыған кісі сияқты намазды өз үйлеріңде оқысаңдар, Пайғамбарларыңның (с.а.с.) бір сүннетін тәрк еткен боласыңдар. Ал Пайғамбарларыңның (с.а.с.) бір сүннетін тәрк етсеңдер, адасасыңдар. Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларын көрдім, (олардың кезінде) жамағат намазынан екіжүзділігі белгілі мұнафықтар ғана қалатын. Кейде біреуді сапқа тұруы үшін екі кісі сүйемелдеп алып келетін», – деген (Муслим).

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.