Сейсенбі, 6 қазан 2026 ж. 25 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:52
Бесін 12:07
Екінті 15:53
Ақшам 17:47
Құптан 19:12
Мақалалар

Жігіттің жігіті – нәпсісіне ие болғаны

8 қар 2022 777 рет оқылды
Жігіттің жігіті – нәпсісіне ие болғаны

Халық арасында «жігіттің төресі өзінің нәпсісіне ие болып, иманын сақтай білгені» деген ұстаным болды. Шал ақын ердің ері ғана иманын сақтап, нәпсісіне ерік бермейтінін ескертеді:

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.

Мұндай  ұстанымдар дін тағылымында  айтылған мұсылманға тән қасиеттерді аша түседі.

Әбу Һурайрадан  (р.а.)  жеткен хадисте  Алланың Елшісі  (оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) былай дейді: «Күшті адам күресте жеңген емес, шын мәніндегі күшті ашу кезінде өзін-өзі билей алған адам», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

sunna.kz