Жәбир ибн Абдуллаһ (Алла оған разы болсын):
«Алла елшісінен (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) әлдене сұраса, ешқашан «жоқ» демейтін»,- деген. Алла елшісі қолында болса сұраушының тілегін қанағаттандыратын да, мүмкіндігі болмаса үнсіз қынжылыс білдіретін не үзір айтатын. Игілік пен жомартық пайғамбарымыздың тума қасиеті еді. Әсіресе, Рамазан айларында Оның игілігі мен жомарттығында шек болмайтын. Сондай-ақ пайғамбарымыз (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) «Әрбір кісі өз садақасының саясында»,- деген.
Кейде біреуден бір нәрсе сатып алып, оны қайтадан сол адамның өзіне тарту етеді екен. Қолына бірдене түсе қаласа, басқа біреуге сыйлыққа беретін болған. Ансарлардан біреулері бір күні одан біраз нәрсе сұрайды. Кейін тағы басқалары сұраған және олар да сұрағандарын алып кеткен. Ақыры ешнәрсе қалмаған соң: «Егер бір нәрсе қалып қойған болса, оны да аямастан беріп жіберетін едім» – деген.
материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,
sunna.kz