Бас мүфти «Халал Даму» ұжымына ұлттық аккредиттеу орталығының аттестатын табыстады
Бас мүфти «Халал Даму» ұжымына ұлттық аккредиттеу орталығының аттестатын табыстады
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі ұжымына Ұлттық аккредиттеу орталығының аттестатын табыстады.
«Халал Даму» мекемесінің Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесіне сәйкес аттестатталуы – еліміздегі халал өнімдеріне деген сұраныстың артуы мен халал индустриясын дамыту бағытындағы маңызды қадам. Мемлекет тарапынан берілген бұл құжат – «Халал Даму» мекемесінің еліміздегі аккредиттеу жүйесінің талаптарына толық сәйкес екендігін растайды. Бұл бізге әлемдік нарықпен тығыз байланысты нығайтып, ислам елдерімен сауда қарым-қатынастарын белсенді түрде дамытуға жол ашады. Осы орайда, аккредиттеу процесінде ауқымды жұмыс жүргізген «Халал Даму» мекемесі мамандарының қажырлы еңбегі мен жоғары біліктілігін, адалдығын және халал өнімдер мен қызметтерді сертификаттау саласында атқарған қызметін ерекше атап өткім келеді. Сіздер «Халал Дамуды» жаңа белеске көтердіңіздер. Бұл тарихи құжат – сіздердің кәсіби деңгейлеріңіз бен елеулі еңбектеріңіздің жемісі», – деген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлына аттестатты табыстап, ұжым қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Айта кетейік, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сәйкестікті бағалау. Халал сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптарына сәйкес аккредиттелді. Ерекше атап өтетін жайт ҚМДБ «Халал Даму» – Қазақстан Республикасы, Сауда және интеграция министрлігі, Техникалық реттеу комитетіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығынан аттестатталған алғашқы мекемелердің бірі.