Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Молда – дін өкілі

0 1  105

Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Бауыржан Есмахан шаһарда жаназа шығарып, құдайы астарға қатысып жүрген молдалардың басын қосып, жиын өткізді. Отырыс барысында Бауыржан Есмахан ІІІ-Республикалым имамдар форумында қабылданған құжаттармен таныстырып, онда «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының негіздерін халық арасында насихаттау керектігін атап өтті. Құжатта көрсетілген молдалардың міндеттері мен қызметтері һәм келешекте ондай қызметкерлер заңдастырылып, қолдарына құжат берілетіні жайлы ақпарат берді. «Жаназа намазын атқаруда, дұғаларда молдаларды бір-ізділікке шақырып, молда мешітте ресми қызмет атқармағанмен дін өкілі болғандықтан ҚМДБ және жалпы дінімізге барынша жаманат әкелуден сақтану керек. Сондықтан, ол барынша өзін халық алдында ізетті,  байсалды ұстауы тиіс» деп ескертті, Бауыржан имам.  Сонымен қатар, алдағы уақытта мешітте молдаларға арнайы дәрістер ұйымдастырылып, дін қызметкерлері сараптаудан өтетін хабардар етті.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.