Take a fresh look at your lifestyle.

«Тәуелсіз ел» додасы

0 165

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел» атты шара ұйымдастырылды. Онда «арқан тартыс», «бұқа тартыс», «зіл көтеру» сияқты сайыстар өткізілді. «Туған ел – әр адамның түп қазығы» тақырыбында жұма уағызын тыңдап, жұма намазын өтеп шыққан жамағат әр додаға қатысуға тырысты.

Қатысушылар өз ризалықтарын білдіріп: «Сайстар өте қызықты. Жамағаттың ынтымағы мен бірлігін арттыратын осындай жарыстар жиі болып тұрса екен» – деген тілегін айтты.

Соңында Бас имам Бауыржан Есмахан қатысушыларға алғысын айтып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.   

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.