Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аудандық мешіттің аллеясы ашылды

0 613

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жамағат пен кәсіпкерлердің, тұрғындар мен ерікті жастардың демеушілігімен бір жарым айдың ішінде мешіт аллеясы ашылды.

«Жыл сайын дәстүрлі түрде аудан тұрғындары көне тарихи мешітіміздің көркеюіне мұрындық болып, мещіт жұмысының құрылысына қолдау білдіріп келеді. Ал биыл аудан жастары Ойыл аудандық мешітінің ауласындағы терек ағаштарының арасындағы бос орынға аллея салуды жөн көрді.Аталған игі шараға барша аудан тұрғындары мен жастар, жамағат пен кәсіпкерлерлер ынтымақ пен бірліктің негізін қағида ете отырып, ерікті түрде қаржы жинап, мешіт аллеясының ашылуына қолдау көрсетті» дейді Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы.

Аллеяның ашылуы – қайырымдылық пен ізігіліктің жол бастауы болады деп сененді аудан тұрғындары. 

nurgasyr.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.