Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тәуелсіздік күні қарсаңында мешіт ашылды

0 1  155

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин ауылындағы «Күмісбек молда» мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бір мезетте 500 адам сиятын көрікті мешітті салған Қуат Ахметов мырзаға алғыс айтып, ризашылық білдірді. Сондай-ақ жиналған халыққа ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.

Мерейлі жұма күні халық игілігіне берілген мешітте Бас мүфти туған елге құрмет көрсету және Тәуелсіздік тұғыры турасында уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.