Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Жаңалықтар

«Тәуелсіз ел» додасы

13 жел 2019 1 827 рет оқылды
«Тәуелсіз ел» додасы
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел» атты шара ұйымдастырылды. Онда «арқан тартыс», «бұқа тартыс», «зіл көтеру» сияқты сайыстар өткізілді. «Туған ел – әр адамның түп қазығы» тақырыбында жұма уағызын тыңдап, жұма намазын өтеп шыққан жамағат әр додаға қатысуға тырысты. Қатысушылар өз ризалықтарын білдіріп: «Сайстар өте қызықты. Жамағаттың ынтымағы мен бірлігін арттыратын осындай жарыстар жиі болып тұрса екен» - деген тілегін айтты. Соңында Бас имам Бауыржан Есмахан қатысушыларға алғысын айтып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.    «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі