Жаңалықтар
Мүшайра жүлдегерлері марапатталды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Ардақты Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туған Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың ардақтысы» атты мүшайраның қорытындысы шыққан болатын. Бүгін жұма намазының алдында Бас имам Бауыржан Есмахан аталмыш шараның жүлдегерлері мен жеңімпаздардын диплом және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
«Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
І-орын. Серікболқызы Фатима (диплом, 30 000тг.)
ІІ-орын. 1.Мұқанғали Амира 2.Бақытқан Мұхтар (диплом, 20 000тг.)
ІІІ-орын. 1.Бақытқан Ислам 2.Мұқанғали Мәдинаға (диплом, 10 000тг.)
Ынталандыру сыйлығы: 1.Қасымов Архат 2.Мұқанғали Мариям (диплом жән 5 000тг.)
Үздік Мәуліт жыршысы» номинациясы бойынша:
І-орын. Диплом, 70 000тг.
- Рауан Хайдар
- Мыңжан Байжанин
- Бақыберген Дәриға
- Қуат Қабдолда
- Мәулен Әбілқайыр мен
- Құрманқұлов Бауыржан
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі