Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жастарға арналған «Зейін» оқырмандар клубы ашылды

0 187

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

13 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кітапханасында «Жастар ісі секторы» және «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Ruhani jastar» жастар ұйымының бастауымен «Зейін» оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Клубтың негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге жас ұрпақтың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, рухани иммунитетін қалыптастыру – клубтың басты міндеттері.

Клубтың алғашқы жиынында белгілі блогер, спорт журналисі Назерке Сұлтанбек қонақ болып, кітап оқудың маңыздылығы жайлы әңгіме өрбітті. Бұдан бөлек жастарға арнап «Кітап оқу инсайттары» деген тақырыпта шағын мастер-класс өтті. Кездесу соңында жастар көкейінде жүрген сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Бұдан былай «Зейін» клубының отырысы әр жексенбі ҚМДБ кітапханасында өтпек. Зейініңіз ашылсын десеңіз «Зейін» қатарына қосылыңыз.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.