Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Оған (с.ғ.с) ұқсаған көркем мінезде бол

Оған (с.ғ.с) ұқсаған көркем мінезде бол

0 66

Құранда «Сен, расында аса ұлы мінез-құлыққа иесің!» – деген (“Қалам”, 4).

 

Ибн Аббас: «Алла Тағала дінді көздеп тұр бол жерде, расында сен ұлы діндесің» – деген. Ислам деген мінез, характер ғана сізді құдайшыл адам жолына жеткізеді. Ол Құранның тек сөзін ғана үйреткен мұғалім емес, сонымен қатар мінезі мен өмірі де Құранға айналған өнегелі тұлға. Өзі жайында «Мен көркем мінез-құлықты толықтыруым үшін жіберілдім» – деген (Муатта, Хуснил Хұлқ,8).

Абдуллаһ ибн Сәләм һижрет кезінде қатты қызығушылықпен Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) көруді қалайды. Оның мүбәрак жүзін көргенде: «Бұл бет өтірік айтпайды!» деп, иманға келген еді. Бізді көргенде адамдар не ойлайды екен аа?. Алла елшісініне бірдеңе ұнамай қалған болса, онысы бірден жүзінен байқалатын. Ал, бір нәрсені ұнатып қалса, риза екеніде жүзінен байқалатын. Мына сөзге қараңыз «Расында, мүмін бойындағы көркем мінез арқылы күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын адамның дәрежесіне жетеді»,- деп айтқанын Айша анамыз жеткізген. Қияметтің өзінде пайғамбарымыз айтқандай: «Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден де ауыр басатын нәрсе болмайды»-деп мінезден артық абырой жоқ екенғой жердің бетінде. Құлшылықта болғаннан кейінгі нәрсе осы мінезде болып тұрғо.

Қазіргі кезде мінез тұрғысынан бәрімізде де ақсап тұрғанымыз анық. Мінезі жұмсақ адамды көрсе таң қалатын заман болып тұр. Кейбір адамдардан естіп жатамыз ия, «ой өзі намаз оқиды тағы, мінезі нашар адам бірақ» деген сөздер көп кездеседі. Осы жерде «мінезі нашар» деген сөз сенің бүкіл құлшылықтағы құлдық абыройыңды бір тиын етіп тастады. Мінез түзу болмаса, сол түзу болмаған кезінде сіз нәпсінің құлысыз. Жалпы Алланың құлы дегенімен сол мінезден кетіп жатқан сәтте, нәпсінің құлысыз.

Мысалы: «Бауырым бағана дұрыс емес сөйлеп қойдым, мені кешірші десе, сіз кешіре алмай тұрсаңыз, дәл осы жерде кімнің құлысыз өзіңіз ойланып көріңіз». Кешірмей тұрсаңыз онда нақты кімнің құлы екеніңізді нақты білесіз. Алланың құлы пайғамбар олай жасамас еді. Әнәс ибн Мәликтің оқиғасы: «Пайғамбарымыздың жанында 10 жыл жүріп қызметкен кезімде, Алланың елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) маған бірде бір рет «Туфф» деп айтқан емес» – дейді. Қараңызшы үлкен адамды былай қойып балаға жасаған мінезін. Осыдан білуге болады кім еруге лайықты, әрі ісін жасауға қызығатын адам. Өмірінің аса құпия сырларына қанық болған әйелдері хазіреті Айша мен Хадиша аналарымыз. Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Оның мінез-құлқы Құран еді», деген. Сондай-ақ пайғамбар ешкімге ұрыспайтын, жамандық жасағанға қарымта қайтаруға тырыспайтын. Өзіне жасалған жамандықтарға көз жұма кешіріммен қарайтын. Бір адам туралы қабылданатын екі шешімнің біреуін таңдау қажет болса, күнәға батпайтын жағын ойлап, дұрыс шешімді қабылдайтын. Алланың әміріне қарсы шыққандарға тиісті жазасын беретін.

Расулулла (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) ешбір мұсылманды атын атап қарғаман, әйелді, құлды, қызметшіні және хайуанды ұрмаған. Пайғамбарымыз барлық адамдармен тең дәрежеде қатынас жасайтын, ешкімді бөліп жарып бөлектемейтін. Егер біреу ол қаламайтын бір нәрсе істеп қойса, оның атын атап ескерту жасамайтын; “Кейбіреулер былай жасайды, олай етеді” деген сияқты сөздермен ұнатпаған іс әрекеттерін үшінші жақпен ешкімді ренжітпей біреуді өзгенің алдында ұялтпай насихаттар айтатын. Сахабалары көрінбей қалса, оларды сұрастыратын еді. Сізде салауат айтпай қалсаңыз сізді де іздейтінін ұмытпаңыз бауырым.

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.