1) Дәретке бастағанда “Әғузу” және “Бисмилләһтан” кейін мына дұға оқылады:
Оқылуы: Әл-хамду лилләһилләзи жаәләл-маә тахурән уа жаәләл – исламә нуран.
Мағынасы: Суды тазалаушы қылған, Исламды нұр еткен Аллаға шүкір.
2) Ауызға су алғанда:
Оқылуы: Аллаһүммә-сқини мин хауди нәбийикә кәсән лә әзмә-у ба’дәһу әбәдә
Мағынасы: Уа Алла! Маған одан кейін ешқашан шөлдемейтін пайғамбарымның қауызынан бір кесе су ішкізе гөр!
3) Мұрынға су алғанда:
Оқылуы: Аллаһуммә лә тахримний райихатә на’имикә уә жәннатик.
Мағынасы: Уа Алла! Мені нығметтеріңнен және жәннатыңның иісінен мақұрым етпе.
4) Бет жуарда:
Оқылуы: Аллаһуммә бәийид уәжһи бинурикә йәумә тәбйәдду ужуһун уә тәсуадду ужүһ.
Мағынасы: Уа, Алла! Кейбіреулерінің жүзі қарайып, кейбіреулерінің жүзі ағаратын күні менің жүзімді ағарта гөр.
5) Оң қолын жуып жатқанда:
Оқылуы: Аллаһуммә а’тыни китәби бийәмини уә хасибни хисәбән йәсира.
Мағынасы: Уа, Алла! Маған кітабымды оң жағымнан беріп, есебімді жеңілдете гөр.
6) Сол қолын жуып жатқанда:
Оқылуы: Аллаһуммә лә ту’тый китәби бишимәли уә лә мин уәраи заһри уә лә түхасибни хисәбән шәдидә.
Мағынасы: Уа, Алла! Маған кітабымды сол жақтан және артымнан бере көрме және менің есебімді қиындата көрме!
7) Басқа мәсіх тартқанда:
Оқылуы: Аллаһуммә ғашшини бирахматикә уә әнзил аләййә мин бәракатик.
Мағынасы: Уа, Алла! Мені мейіріміңмен қорғап, берекетіңді жаудыра көр!
8) Құлаққа мәсіх тартқанда:
Оқылуы: Аллаһуммәж ални минәлләзинә йәстәми ұунәл қаулә файәттәбиунә ахсәнәһ.
Мағынасы: Уа, Алла! Мені шын сөз естіп, сөздің ең тамашасына мойынсұнғандардан ете көр!
9) Мойнына мәсіх тартқанда:
Оқылуы: Аллаһуммә әтиқ рақәбәти минән нәр.
Мағынасы: Уа, Алла! Денемді жәһәннам отынан азат ете көр!
10) Аяқ жуып жатқанда:
Оқылуы: Аллаһуммә сәббит қадамәййә аләссирати йәумә тәзиллу фиһил ақдәм.
Мағынасы: Уа, Алла! Аяқтар таятын күні менің екі аяғымды сырат (көпір) үстінен тайдырма.
материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,
sunna.kz