Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Оқырман сұрақтарына жауап берді

0 824

10 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Мансұров Діни басқарманың muftiyatkz инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, оқырман сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Батыржан Мансұров тікелей эфирінде «Отбасы құндылығы» тақырыбы аясында әдемі әңгіме өрбітті. Оқырмандар direct-ке және Call орталықтың +7 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалып сұрақ қойып, тұщымды жауап алды.

«Call орталықтағы сұрақ-жауап» онлайн шарасы апта сайын өтеді. Тікелей эфирге ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысып, оқырман сұрақтарына жауап береді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.