Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 ж. 9 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:52
Бесін 12:13
Екінті 16:25
Ақшам 18:23
Құптан 19:50
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

14 там 2020 1 671 рет оқылды
БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаевты қабылдады. Кездесу барысында университет проректоры жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады. «Нұр-Мүбарак университетінің мақсаты – білікті де, білімді жас ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан қазіргі пандемия жағдайында университет білім жүйесін жаңа бағытқа бастап, қашықтан оқыту форматын іске қосып, сәтті жүзеге асырып келеді» деп атап өтті. Сондай-ақ Қайрат Құрманбаев университет жанынан қашықтан оқытуға қатысты арнайы орталық және ІТ бөлімі ашылғанын айтып, жуырда студенттерге қызмет көрсету орталығы іске қосылатынын хабарлады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр-Мүбарак университеті білімді де білікті исламтанушы, теолог, дінтанушы мамандар даярлау қажет» дей келе қазіргі жаһандану кезеңінде жаңа бастамаларды көбірек қолға алып, бастамалардың бәрін де заман талабына икемдеу қажет екенін айтты.