Сейсенбі, 27 қазан 2026 ж. 16 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:53
Бесін 12:03
Екінті 15:13
Ақшам 17:03
Құптан 18:30
Жаңалықтар

«ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

14 там 2020 1 626 рет оқылды
«ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбетті қабылдады. Кездесу барысында алдағы жаңа оқу жылында медресе-колледж шәкірттерін қашықтан (онлайн) оқыту мәселелері пысықталды. Сондай-ақ «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттерінің жай-күйі де сөз болды. Наурызбай қажы Тағанұлы Құлмұхаммед қажы Маханбетке медресе-колледж аумағында санитарлық талаптарды қатаң сақтауды тапсырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.