Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

16 там 2020 1 461 рет оқылды
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы Орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында тұрмысы төмен 150 отбасыға әлеуметтік көмек (азық-түлік) жеткізілді. Әр отбасыға бір айға жетерлік азық-түлік салынған 2 сөмке үлестірілді. «Алматы қаласы имамдарының ұйымдастыруымен «SENIMDI» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен 150 отбасына азық-түлік көмегі көрсетіліп жатыр. Қайырымдылық ісін Алла қабыл етсін, сауабын өздеріне нәсіп етсін! Алла Тағала баршамызға екі дүние жақсылығын нәсіп етсін! Бұ дүние, о дүниеде дәрежелеріңіз жоғары болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Пандемияға байланысты Алматы Орталық мешіті 60-қа жуық арнайы көлік дайындап, әлеуметтік көмек әрбір отбасының үйіне жеткізілді.