Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жетімдер үйіндегі 100 балаға сыйлық жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

0 120

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

20 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің және «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Жетімдер үйіндегі 100 балаға ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мешіттің әйел жамағатынан құралған «Инабат» клубының мүшелері қамкөңіл балдырғандарға қуаныш сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатуға тырысты.

Тұрақты түрде ай аралатып келіп тұратын аға-әпкелерін көргенде балалардың қуанышы расында да шарықтай түсті. Мейірімге толы жандардың жанынан әзілкештерді (клоун) көргенде, сәбилердің шаттығы тіптен еселене түскендей болды. Түрлі ойындар ойнатып, балдырғандарды бір сағатқа жуық уақыт еркелеткен қос әзілкештің балдырғандар үшін орны ерекше болды.

Балалар қуанышын еселей түскен тағы бір жайт – аға-әпкелері әкелген тәтті толы сыйлық қорапшалары болды. 100 балаға есептеліп әкелінген сыйлықтар сол жерде үлестіріліп, келе алмай қалған балаларға кейінірек берілетін болды. Бұған қоса, балдырғандар арнап себет-себет жемістер мен қорап-қорап тәттілер тарту етілді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.