Take a fresh look at your lifestyle.

Аналар мектебі мешітке келушілерге ыстық тамақ таратты (ФОТО)

0 108

10 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мешіт жанындағы Аналар мектебі аязды күні мешітке келушілерге ыстық тамақ таратты, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып, қала тұрғындары мен мешітке келуші жамағаттың мұқтаждығын шешуге өз үлесін қосып келеді. Әр түрлі акциялар мен мерекелерге орай өткізілетін ірі көлемді қайырымдылық науқандарын қоспағанда апта сайын түрліше форматта үлкенді-кішілі қайырымдылық жұмыстары жүргізіліп отырады.

Бізге жеткен хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жарты құрма болса да беріп оттан сақтаныңдар», – дейді. Осыған орай  Әйелдер-қыздар секторына қарасты мешітіміздің Аналар мектебі мешітке келушілерге арнап қайырымдылық жасады.

Арқаның бұрқансынды аязында Алла үйіне келушілерге арнап арнайы палау пісіріп, намаздан шыққан жамағатқа үлестірілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.