Нұр-Сұлтан қаласы «Ғылмани» мешітінде «Имани жаз – 2022» атты жазғы діни сауат ашу курсын бітірген 100-ге жуық оқушы арнайы сертификат алды.
ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында ел мешіттерінде жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушыларына діни сауат ашу курсы ұйымдастырылған болатын.
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын пайдалы өткізу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан жобаның биылғы маусымы өз мәресіне жетті.
Курс аясында бүлдіршіндер тек білім алып қана қоймай, мәдени-рухани шараларға, әр түрлі жарыстарға да қатысты. Олар 1-20 маусым аралығында, жазғы діни сауат ашу дәрісі Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерімен сусындады.
Бүгін курстың аяқталуына орай, мешітте шәкірттерге сертификат табыстау рәсімі өтті.
Аталмыш шараға бас имам Руслан Байзақов арнайы қатысып, бүлдіршіндерге білім алуыдың артықшылығы һәм тәрбиелі оқушы болу жайында уағыз-насихат айтты.