Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құрылыс жұмыстары жалғасуда

0 194

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құлшылық нысанына жыл басынан бері бірқатар өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістерді төрт бағыт бойынша айтуға болады.

Әуелі, мешіт ішіндегі жұмыстар. Яғни, кіреберіске күрделі өзгерістер енгізіліп, кейбір бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екінші, мешіттің ерлер және әйелдер залының кіреберісіне жаңа зал салынып, аяқкиім сөрелері сол жаққа шығарылды. Бұл орындарға да арнайы бейнебақылау жүйесі қосылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді.

Үшінші, әйелдер дәретханасы толықтай жаңартылып, жаңадан кіреберіс ашылып, әйел жамағатына қолайлы мүмкіндік жасалды.

Төртінші, жаз шыға басталған мешітті кеңейту құрлысы. Мешіттің музей жақ тарапынан жаңадан 600-700 адамға арналған ерлер залы салынып жатыр.

Алдыңғы үшеуі толықтай аяқталса, соңғы құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.