Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран басқа қалай аталады?

0 617

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Тарихта түрліше құрмет аттары мен әдемі есімдермен атағандықтан Құран Кәрімнің көптеген атаулары болған.

Оның кейбірі Құран Кәрімнен алынған. Мысырлық тәпсірші ғалым Жәләддин Сүюти (1445-1505 ж.ж.) өзінің «Әл-Итқан фи ғулум әл-Қуран (Тәпсіршілік хақында баян)» атты еңбегінде Құран Кәрімнің ілгерінді-кейінде 55 түрлі аты болғанын баяндап шыққан. «Құран Кәрім» деген атауынан басқа аттары төмендегіше:

  1. Әл-Китап (الكتاب)
  2. Әл-Уақи (الوحى)
  3. Әт-Тәнзил (التنزيل)
  4. Әс-Сухұф (الصحف)
  5. Әз-Зикр (الذكر)
  6. Әл-Фурқан (الفرقان)
  7. Әл-Хикмәт (الحكمة)
  8. Әл-Хақ (الحق)
  9. Әл-Ғәдил (العدل)
  10. Әл-Әжиб (العجيب)
  11. Әл-Ғараби (العربى)
  12. Әл-Ғәли (العلى)
  13. Әл-Ғәзиз (العزيز)
  14. Әл-Әмир (الأمر)
  15. Әл-Бәләғ (البلاغ)
  16. Әл-Бәсир (البصائر)
  17. Әл-Бәшир (البشير)
  18. Әл-Бәйән (البيان)
  19. Әл-Бурһән (البرهان)
  20. Әл-Бушрә (البشرى)
  21. Әл-Хәбл (الحبل)
  22. Әл-Һәди (الهادى)
  23. Әл-Хәким (الحكيم)
  24. Әл-Хәсән әл-хәдис (الحسن الحديث)
  25. Әл-Һудә (الهدى)
  26. Әл-Ғилим (العلم)
  27. Әл-Кәләәм (الكلام)
  28. Әл-Кәрим (الكريم)
  29. Әл-Мәжид (المجيد)
  30. Әл-Мәрфуғ (المرفع)
  31. Әл-Мәсун (المصون)
  32. Әл-Мәуғиз (الموعظ)
  33. Әл-Мубәрак (المبارك)
  34. Әл-Мубин (المبين)
  35. Әл-Мүһәймин (المهيمن)
  36. Әл-Мукәррәм (المكرم)
  37. Әл-Мунәди (المناد)
  38. Әл-Мусәддиқ (المصدق)
  39. Әл-Мутәһһир (المطهر)
  40. Әл-Мүтәшәбиһ (المتشابه)
  41. Ән-Нәбәғ әл-ғәзим (النباء العظيم)
  42. Ән-Нәзир (النذير)
  43. Ән-Нур (النور)
  44. Әл-Қайюум (القيم)
  45. Әл-Қасас (القصص)
  46. Әл-Қаул әл-фасл (القول الفصل)
  47. Әр-Рахмаһ (الرحمة)
  48. Әр-Рух (الروح)
  49. Әш-Шифа (الشفاء)
  50. Әс-Сидқ (الصدق)
  51. Әс-сиратәл-мустақим (الصراط المستقيم)
  52. Әт-Тәзкир (التذكير)
  53. Әл-Ғуруәтул-уусқа (العروة الوثقى)
  54. Әз-Зәбур (الزبور)

Алайда, қасиетті кітаптың ең даңқты есімі – «Құран». Бұл сөз 37 сүреде 68 рет тілге алынған. Бұл есімдердің ішінде алдыңғы сегіз атау Құран аяттарында ұшырасатын атаулар. Мәселен, 6-есім Құранның 25-реттік сүресінің («Фурқан» сүресінің) аты. Ал, жоғарыдағы Құран атауларының ішіндегі «әл-Хақ», «әл-Ғаділ», «Әл-Һәди», «Әл-Хәким», «Әл-Мүһәймин», «Ән-Нур» қатарлы атаулар Алланың 99 есімінің ішінен алынғанын байқауға болады.

Бір қызығы соңғы «Әз-Зәбур» деген аты Дәуіт ғалайһиссаламға түскен ірлергі қасиетті төрт кітаптың бірінің атымен тұлғалас екенін көреміз. Қалай болғанда да, тарихытан бері қасиетті кітапқа берілген бұл есімдер Құранның сипатын бейнелейтін, рөлін айшықтайтын атаулар еді.

Қазақ даласында қасиетті кітабымыз «Құран», «Алланың сөзі (Кәләмолла, жоғарыдағы «Әл-Кәләм» атауынан шыққан)», «Фурқан («Қасиетті Фурқанды айт, Құдай сөзі Құранды айт»)», «Қасиетті кітап («әл-Китап» атауынан шыққанын байқаймыз)» деген танымал атауларымен аталған.

Оразбек САПАРХАН

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.